Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Бағдат Манзоров Ескелді ауданындағы нысандарды аралады

Бағдат Манзоров Ескелді ауданындағы нысандарды аралады

25.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров Ескелді ауданындағы бірқатар нысандардың жұмысыммен танысты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Рауан Рақымбековпен бірге ​ ​«Қарабұлақ» қант зауытына ат басын бұрып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты.  Сондай-ақ Бағдат Сайланбайұлы қант қызылшасының тамыр жемісін сақтауға арналған алаңды аралады.

Ары қарай Бағдат Манзоров​ Шажа өзенінде орналасқан "ГЭС 2" су электр станциясының қызу жұмысымен танысты. Нысанның басшысы Владимир Сычев қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, су электр станциясы қалай жұмыс істейтіндігін айтып берді.

Сонымен қатар Бағдат Манзоров пен аудан әкімі Рауан Рақымбеков ​Екпінді ауылында орналасқан «Тау Жетісу» демалыс аймағының жұмысымен танысты.

Фото: Ескелді ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать