Войти через

  • 9°C

Понедельник, 29 апреля

Екі ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршін үйлі болды

Екі ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршін үйлі болды

26.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршінге қайырымды жандар үй сыйлады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

5 бөлмелі үй қайырымдылық қор басшысы Элмира Ешниязованың бастамасымен берілді.

«Бала-шағасымен жаңа үйге қоныс аударған әке «Барша халқыма алғысым шексіз, Түрген а/о аппаратына жұбайымның қайтыс болған күнінен бастап қолдап жүргендеріне, алғашқы көмек көрсеткендеріне, Эльмира ханымның бастамасымен басталған жүйелі жұмысқа ризашылығымды білдіремін. Бала-шағасының қызығын көріп, көп жасасын», - деді жанұя басшысы Мұрат Бұланбайұлы.

Көпбалалы Жұмаділовтар отбасы бұған дейін Түрген ауылындағы 2 бөлмелі үйді 15 мың теңгеге жалға алып келген болатын. Қайғысына ортақ болған ауылдық округ әкімшілігі, ауылдың ізгі ниетті тұрғындары тарапынан алғашқы көмек көрсетілген болатын.

Жұмаділовтардың отбасындағы баланың ең үлкені 8 сынып оқушысы болса, ал ең кішісі болса 7 айлық бүлдіршін.

Айта кету керек, жыл басынан бері кәсіпкерлердің қолдауымен Еңбекшіқазақ ауданында 2 отбасы баспаналы болды. Жалпы аудан бойынша 9 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Оның 141 көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Это может Вас заинтересовать