Войти через

  • 15°C

Воскресенье, 28 апреля

Иесіз иттерді бақылауға 93 миллион бөлінген

Иесіз иттерді бақылауға 93 миллион бөлінген

11.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Биыл облыстық бюджеттен иесіз иттерді бақылауға 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Қазіргі таңда оның 58,4% игерілді. Бұл туралы адам құқықтарын қорғау қоғамының мүшелері мен жануарларды қорғау ұйымының өкілдерінің қатысуымен өткен Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.

Алматы облысында жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып, жұмыстар жасалынбақ.

Спикерлердің айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланыпты.

«Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда.  Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып,  көзі жойылды. Мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғасады, - деді Алматы облысы ветеринария басқармасы басшысы Нұрболат Инкербаев.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать