Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Кегенде жаңа мешіт ашылды

Кегенде жаңа мешіт ашылды

29.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Кеген ауданының Тасашы ауылдық округінде жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

 Ашылу салтанатына аудандық мәслихат хатшысы Н.Советов, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Досымбеков, "Нұр-Мүбарак" мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбай, Кеген аудандық «Әулие – Абыз, Әлмерек баба» мешітінің бас имамы Асқар Сығаев, актер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, ауданның құрметті азаматы Бауыржан Тәліп, Тасашы ауылының іргетасын қалаған ардагер Жұмахан Сокуровтар қатысып, жаңа мешіттің лентасын қию құрметіне ие болды.

 Мешіттің іргетасын қалап, айшығын қадап, мұнарасын тіктеген – ауыл азаматтарына тұрғындар шынайы алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, ауылға кіретін жолдың бойында әсем қақпа орнатылып, көпшілік ризашылығын білдірді.

Шара соңы спорттық шаралар мен мерекелік концертке ұласты.

Фото: Кеген ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать