Войти через

  • 10°C

Воскресенье, 28 апреля

Әкімдер Өтенай тұрғындарына есеп берді

Әкімдер Өтенай тұрғындарына есеп берді

28.01.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Өтенай ауылдық округінде Талдықорған қаласы және Өтенай ауылдық округі әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Ауылдық округ әкімі Ерлан Жетібаевтің сөзінше, округ тұрғындарының саны 12936 адам болса, жеке тұрғын үй саны 2825 болып тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны - 357 адамға, үй саны – 119 өскен. Округ аумағында 3 мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп, №12 «Бәйтерек» балабақша, 4 жекеменшік балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 2 учаскелік полиция пункті, 3 байланыс бөлімше, 3 Мәдениет үйі және 3 кітапхана орналасқан.
Өткен жылы жалпы 5 салық түрінен 38 150 451 теңге түсімдері түсті. Өтенай ауылдық округі бойынша барлығы 124 шаруа қожалықтары тіркелген.
2018 жылдың тамыз айынан бастап Өтенай ауылының 19 көшесіне су құбыры жүйесін жүргізу және қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылса, көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Өтенай ауылының Ынтымақ, Алтай, Садовая және Республика көшелеріне, Еңбек ауылының Сейфуллин көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Еңбек ауылында бір ауысымына 25 адам келетін дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілді. Амбулатория қажетті құрылғы, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тұрғындарға 3 дәрігер мен медбике қызмет көрсетуде.
Одан соң Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қалада атқарылған өткен жылғы жұмыстарды саралады. Баяндама соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өтініштерін қабыл алды.
Фото: Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать