Войти через

  • 16°C

Понедельник, 29 апреля

Панфилов ауданында Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылды

Панфилов ауданында Абай Құнанбаевтың ескерткіші орнатылды

25.05.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Панфилов ауданы Көктал ауылының Абай атындағы орта мектебінде Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескерткіш "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Кахарман Джазинның бастамасымен және инвесторлардың қаржылық қолдауымен орнатылған.

"Бұл алда келе жатқан 2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл қарсаңындағы тарту", - деді ШЫХО-ның бас инженері Бақытжан Тастанбеков. 
Биіктігі 4 метр болатын ескерткішті аудан әкімі Темірлан Бектасов салтанатты түрде ашып, соңғы қоңырау қарсаңында мектеп бітіруші түлектерге қазақтың ұлы ақыны Абайды оқуға шақырды.

Айта кету керек, биыл Панфилов ауданында оқу жылын 24 906 оқушы бітіреді.

Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Это может Вас заинтересовать