Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда
Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүрілуде, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудандық әкімдікке сілтеме жасап.
«Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде.

Қазіргі уақытта 270 үйдің ауласына су кірген. Әзірге апатты үйлер жоқ.
Аудан әкімі Темірлан Бектасов бастысы зардап шеккендер жоқ, ауыл тұрғындарына қажеті жағдайда барлық тараптан көмектер көрсетіледі,-деді.
Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда. Тұрғындардың айтуынша бұндай тасқын 90 жылдары болған,- дейді.
Айта кету керек, 3 маусым күні кешкісін Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын.
Фото: Панфилов аудандық әкімдігі.
Фото: Панфилов аудандық әкімдігі.