Войти через

  • 7°C

Понедельник, 29 апреля

Панфиловта кезекті кәсіпкер бес балалы отбасыға баспана сыйлады

Панфиловта кезекті кәсіпкер бес балалы отбасыға баспана сыйлады

27.05.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Панфилов ауданында кәсіпкер Бауыржан Үсембаев көп балалы отбасыға қол ұшын беріп, баспана алып берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайырымды азаматтың айтуынша үйді өзінің қалаған жерінен алып берген.
Рамазан айында осы отбасы туралы естіп, көмек етуді ұйғардым. Үйдің бағасы бір жарым миллион теңге болды. Жері кең, іргесінен бұлақ ағып жатқан үйді өздері таңдады. Үйдің ішкі жиhаздары мен қосымша жөндеу жұмыстарына да көмектесетін боламын,-дейді кәсіпкер азамат.

Бүгінде жеке баспаналы болған Еркінтай Мұқаевтың қуанышында шек жоқ. Мешітке көмек етіп, жұмыс істейтін көп балалы әке ауласына бау-бақша отырғызып, балаларымның еркін ойнауына мүмкіндік жасаймын, - дейді. Пәтер жалдап қиналған күндеріміз бір күнгідей болмай өте шықты. Қол ұшын берген азаматқа алғысым шексіз, - деп лебізін білдірді.

Айта кету керек, бұл жыл басынан бергі Панфилов ауданындағы көп балалы отбасыларға кәсіпкерлердің сыйлаған 12 баспанасы. Сондай-ақ, Жеңіс күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Темірлан Бектасов көп балалы және аз қамтылған 26 отбасыға пәтер кілтін табыстаған болатын.

Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі. 

Это может Вас заинтересовать