Талғарда көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді
Бүгінгі күннен бастап Талғар ауданында тұратын көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.
Талғар ауданы әкімдігінің мәліметінше, келесі маршруттар бойынша тегін жүру қарастырылған: № 1, 2, 3 ,4, 5, 6, 7, 8, 9, 23, 54, 203, 210, 215, 218, 219, 404, 410, 416, 418, 419, 424, 436, 441.
«Тегін жол жүру билеттерін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен ала аласыздар (өздеріңізбен бірге ¾ фотосурет алып келу керек). Жол жүру билеттері 2019 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жарамды», — делінген әкімдіктің Instagram парақшасында.
Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен-жайы Талғар қаласы, Гагарин көшесі 76 үй, 2 қабат. Байланыс телефоны: 87277421717.
Фото: Интернет