Талғарда жастар форумы өтті

04.05.19

Общество
Служба новостей
Талғар қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Біз таза қала үшін» атты жастар форумы болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Форумның басты мақсаты: табиғаттың тазалығына, гүлденуіне, зиянды — улы заттардан табиғатты тазартып қорғауға, оны қамқорлыққа алып, аялап сақтауға, жас ұрпақтың арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау. Форум барысында Талғар политехникалық колледжінің білім алушылары «Саналы ұрпақ», «Жалын», «Еріктілер» қозғалысының қатысушылары флешмоб ұйымдастырды.
Елбасы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде колледжде ауқымды өлкетану жұмыстары жүргізілді.
Қоршаған ортаны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға аса мән беріп, қала, колледж аймақтарын тазарту жұмыстарына ат салысудың айғағы — колледж аумағында полиэтилен мен пластмасса өнімдерін тастайтын қоқыс жәшіктері қойылды.
Фото: Талғар қ. әкімдігінің баспасөз қызметі