Войти через

  • 20°C

Четверг, 18 июля

Талдықорғанда А.Ғалымбаеваның 100 жылдық мерейтойына арналған суретшілердің халықаралық пленэрі өтті

Талдықорғанда А.Ғалымбаеваның 100 жылдық мерейтойына арналған суретшілердің халықаралық пленэрі өтті

19.10.17

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Талдықорғанда Қазақстанның Халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100 жылдық мерейтойына арналған суретшілердің халықаралық пленэрі өтті. «Туған жерім – тұғырым» деп аталатын қылқалам шеберлерінің 10 күндік басқосуына Қытай, Қырғызстан және Қазақстанның 20-ға жуық суретшілері қатысты.

Мұндағы басты мақсат - халық суретшісінің өнері мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттап, шеберлердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Пленэр аясында өнер иелері Жетісудың әсем табиғатын қағаз бен кендірге түсіріп, табиғат аясында сурет салу мүмкіндігіне ие болды. Олардың үздік туындылары Талдықорған көркем сурет галереясына табысталды.

Ал, суретшілерге естелік кәдесыйлар мен Құрмет грамоталары тапсырылды.

Ұлықпан Түсіпхан, Шыңжаң суретшілер одағы төрағасының орынбасары, ҚХР:

- Өнер деген нәрседе шекара болмайды. Бұл бір елге немесе бір өңірге, бір ұлтқа тәуелді өнер емес. Бұл бүтін дүниеге ортақ, дүние адамзатына ортақ бір өнер болғаннан кейін осындай суретшілер арасындағы байланыс тіпті нығая берсе деген ойдамын.

Это может Вас заинтересовать