Войти через

  • 14°C

Воскресенье, 28 апреля

Талдықорғандағы Қабанбай батыр көшесі жаңғыртылады

Талдықорғандағы Қабанбай батыр көшесі жаңғыртылады

07.02.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бұл туралы қала әкімі Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«Тағы бір ауқымды жоба Қабанбай батыр көшесін жаңғыртудан өткізу. Қаладағы ең үлкен көшелердің бірі адам танымастай өзгереді. Көше бастан аяқ кеңейтіліп, абаттандырылады. Орталық бөліктегі тұрғын үйлердің қаспеті жаңартылады», - деді Талдықорған әкімі.

Сонымен бірге, жаяу жүргіншілер жолы жасалып, кең жолақтыға ауыстырылады.

«2018 жыл Талдықорған үшін жемісті, жеңісті жыл болды. Оған атқарылған жұмыстар айғақ. Ал NUR.KZ порталының ұйымдастыруымен өткен «Халық дауысы» жобасы бойынша облыс орталығы 6 номинация бойынша жеңімпаз атанды. Яғни, көпшілік Талдықорғанды инфрақұрылымы ең дамыған, мәдениетті, жайлы, әдемі, таза, жолдары ең жақсы қала деп бағалады. Алдағы жоспарларға қарағанда Талдықала бұл атауға 2019 жылы да лайық болатын сыңайы бар», - деп қосты Дастан Шалтабаев.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать