Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Талдықорғанда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары бойынша семинар өтеді

Талдықорғанда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары бойынша семинар өтеді

21.04.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының қатысушыларына арналған семинар өтеді.
Құрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҚР ҰКП Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын ұйымдастырушы ретінде конкурстарға қатысушылар үшін оқыту семинарларын өтетіндігін хабарлайды.
Семинар конкурс қатысушыларына конкурстық материалдарды, оның ішінде конкурс критерийлері бойынша дайындау, конкурстарды өткізу тәртібі мен ережелерін түсіндіру, сапа саласындағы халықаралық конкурстармен танысу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді көздейді.
«Атамекен» ҚР ҰКП семинарға қатысуға шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін шақырады. Аltynsapa.kz сайтында «Оқыту» бөлімінде конкурстар бойынша бейнесабақтар жарияланған. Семинар тақырыбын тиімді меңгеру үшін барлық бейнесабақтарды қарауларыңызды ұсынамыз.

Семинар 13 маусым күні өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткізіледі. Семинарға қатысуға өтінімдерді өңірлік кәсіпкерлер палатасына беру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін 87282 401 498, 8 701 587 2159.

Это может Вас заинтересовать