Жаңаталапта кәсіпкердің қолдауымен ойын алаңы ашылды

05.08.19

Общество
Служба новостей

Қаратал ауданының Жаңаталап ауылында стадион ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімінің баспасөз хатшысы Альбина Мироноваға сілтеме жасап.  

«Сантехстройсервис» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарының ішіне балалар ойын алаңы, волейбол, баскетбол алаңшасы, қысқы уақытта балаларға арналған мұз айдыны орнатылған.

«Құрметті ауыл тұрғындары бүгін біздер үлкен қуаныштың куәсі болғалы отырмыз. Ауыл тұрғындарына әсіресе жастарымыздың денсаулықтарын нығайту үшін спорт алаңы күрделі жөндеуден өтіп халық игілігіне берілуде» — деді өңір басшысы Қайрат Бұлдыбаев.

Сондай-ақ Қаратал аудандық мәслихаттың хатшысы Бақыт Жексембіұлы, Қаратал ауданының құрметті азаматы, Жаңаталап ауылының демеушісі Қажымұрат Үсеновке ауыл тұрғындарына жылы лебіздерін білдірді.

Шара спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.

Фото: А.Миронова