Войти через

  • 6°C

Воскресенье, 28 апреля

Жамбылдық кәсіпкер бес адамға үй салып берді

Жамбылдық кәсіпкер бес адамға үй салып берді

14.05.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

«Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіпов бес бірдей адамға үй салып берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкер жеке қаражаты есебінен көпбалалы аналар Айдаркүл Қасенова, Айман Қалабаева, Құндыз Қырғызбайқызы мен «Ақтерек ШҚ»-ның қызметкері Сержан Сейітовке, Ауған соғысының ардагері Жаңабек Байдәулетовке жаңадан салынған үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыстап, лентасын қиды. Осы уақытқа дейін шаруа қожалығы тарапынан Ақтерек ауылының азаматтарына 100-ге жуық үй салып берді. Биыл тағы да 8 үйдің кілтін тапсырып, 8 үйдің құрылысын бастау жоспарланған.

«Бұның бәрін мен бос мақтан үшін емес азаматтық борышым ретінде өтеп отқан өтеуім деп қабылдаңыздар», — деп атап өтті кәсіпкер.

Өз кезегінде аудан әкімі Бағдат Әлиев кәсіпкердің игі ісіне алғысын білдірді.

«Осы киелі мекенде елдің бірлігін бекем етіп отырған Темірландай азаматтың барына қуаныштымын. Темірлан бір өзі осы уақытқа дейін ауылдағы мұқтаж жандар мен шаруа қожалығында жұмыс жасайтын азаматтарға 100-ге жуық үй салып берген болса, бүгін біз осы бауырымыздың көпбалалы аналарға деп салған үйлерінің салтанатты түрде табысталу рәсіміне келіп отырмыз. Бір ауылға ғана емес, бүкіл аудан мен облысқа үлгі етер осындай азаматтарымыз көп болып, арамызда аман-есен жүре берсін демекпін!»,  — деді аудан басшысы.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

Это может Вас заинтересовать