Войти через

  • 7°C

Понедельник, 29 апреля

Жемқорлыққа қарсы спектакльдің тұсаукесері өтеді

Жемқорлыққа қарсы спектакльдің тұсаукесері өтеді

04.12.18

Общество
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ертең 5 желтоқсанда Талдықорған қаласында Бикен Римова атындағы драма театрының сахнасында «Құлқынның құлы» атты болған оқиға ізімен жазылған драманың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Спектакль Алматы облысы әкімінің қолдауымен қаражат бөлініп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Аталмыш жобаның авторы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев, ал қойылым авторы – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Тұрлыбек Мәмесейіт.

Шығармашылық туында халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай, Алматы облысы аумағында жарияланған «Жер жәннатын аялайық, жемқорлықтан арылайық!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлығының аясында жарық көрмек.

Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Это может Вас заинтересовать