Войти через

  • 14°C

Понедельник, 29 апреля

Жемқорлықпен күресушілер «Адал жол - Честный путь» марафонын қорытындылады

Жемқорлықпен күресушілер «Адал жол - Честный путь» марафонын қорытындылады

05.12.18

Общество
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 6 сәуірде Талдықорған қаласында «Адал жол - Честный путь» жемқорлыққа қарсы басталған марафонның қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Салтанатта шара Б.Римова атындағы драма театрында өтті.

Өткен 8 ай ішінде барлық 20 аудан марафонмен қамтылып, іс-шараларға 400 мыңнан астам тұрғын қатысты.

«Аудандар мен қалаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 150-ден астам іс-шаралар, оның ішінде «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобалары аясында мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы дебаттық сайыстар, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен спорттық іс-шаралар, аудандық кәсіпкерлер форумы, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен оқыту-ағарту семинарлары, ғылыми конференциялар, флешмобтар мен велошерулер, КВН ойындары және т.б. түрлі іс-шаралар өтті», - делінген департамент хабарламасында.

Марафон өткен барлық елді мекендерде халық арасында танымал болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар арнайы безендірілген 27 автокөлікпен 400-ден астам еңбек ұжымымен кездесіп, көшпелі қабылдау жүргізді. Кездесулер шеңберінде мыңға жуық өтініш заң аясында қарастырылып, шешімін тапты.

Департамент өкілдері әр ауылға ат басын тіреген мобильді топ өкілдерінің жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың оң шешімін тауып, қарапайым халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруына септігін тигізгеніне сенімді.

Фото: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті

Это может Вас заинтересовать