Войти через

  • 8°C

Воскресенье, 28 апреля

Жыл басынан бері Талдықорғанда 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Талдықорғанда 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

15.08.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдіраймов қалалық мәслихат депутаттарының алдында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Облыс орталығында үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне қала халқының саны 173,4 мың адамға жетккен.

«Қазіргі уақытта қалада экономикалық белсенді 91,4 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 87,4 мың адам, жұмыссыздар – 4 012 адам, яғни экономикалық белсенді адамдар ішіндегі жұмыссыздық деңгейі 4,4 %. 2019 жылы 3 092 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, бірінші жарты жылдықта 2 353 жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 97 жас азаматтар мен көп балалы отбасыға қайтарымсыз 48 млн. тг. несие беру жоспарлануда», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар ағымдағы жылы тұрақты жұмыспен барлығы 1106 адам қамтылғаны, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» арқылы жұмысқа орналасқандар саны 725 адам болғаны айтылды.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать