Войти через

  • 6°C

Суббота, 27 апреля

Аудан әкімдері арнайы сабақтан өтуде

Аудан әкімдері арнайы сабақтан өтуде

11.03.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында аудан және қала әкімдері үшін «Өңірлік дамудың трансформациясы» атты тақырыпта семинар өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. 

Аталған семинарға дәріс оқу үшін алғашқы болып Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысы Серікбай Нұрғисаев бастады. Департамент басшысы тыңдаушыларға кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың өңірде жүзеге асырылуы, мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби біліктілігінің маңызды тетіктерін түсіндірді.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру, мемлекеттік органдардың халық алдындағы есептілігі, цифрландыру туралы мәселелерге кеңінен тоқталды.

Мектеп директорларының open space алаңдарға ауысып отыруы, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының әкімдігі мысалында "Сервистік әкімдіктер" ұйымдастыру, артық жұмыс істеу фактілерін түбегейлі жою және иемденіп отырған артық алаңдарды оңтайландыру жұмыстарын қолға алу тапсырылды.

Сонымен бірге, факторлы-балдық жүйе бойынша мемлекеттік қызметкерлерге енгізілетін жаңа еңбекақы жүйесі туралы айтып өтті.

Фото: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті.

Это может Вас заинтересовать