Войти через

  • 3°C

Суббота, 27 апреля

«Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасарлары сайланды

«Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасарлары сайланды

07.10.22

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Саяси кеңестің шешімімен Николай Арсютин мен Анас Баққожаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, tinfo.kz хабарлайды

Николай Геннадиевич Арсютин партияның Павлодар облысындағы өңірлік филиалын басқарады. Ол «KSP Steel» серіктестігінің Павлодардағы филиалын басқарған. «Екібастұз қаласының болашағы үшін» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестіктеріне жетекшілік етеді. «Шапағат» медалінің иегері.

Жаңа лауазымға дейін Анас Ахатұлы Баққожаев «Ауыл» ХДПП-ның хатшысы қызметін атқарған. «ҚазАгро» холдингі, «ҚазАгроӨнім» АҚ, Ет өңдеу кешенінде, «Мал шаруашылығы және ветеринария» ғылыми-инновациялық орталығында, «Асыл түлік» республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы орталығы» АҚ-да басшылық қызметте болған. «Атамекен» ҰКП Президиумының мүшесі, Қазақ радиосындағы «Аграрлы Қазақстан» хабарының жүргізушісі, «ИАС» асыл тұқымды малды тіркеу ақпараттық жүйесінің соавторы.

Саяси кеңестің шешімімен В.В.Хаданович өз өтініші бойынша партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Это может Вас заинтересовать