Газет оқырмандары Амандық Баталовты «Жыл әкімі» деп таңдады
ҚАЗАҚСТАН.«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2018 жылғы «Жыл адамдары» байқауының қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі «Жыл әкімі» атанды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2018 жылдың үздіктерін анықтады.
«Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың бастамасымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Талдықорған қаласындағы «Жетісу» саябағы жаңғыртылды. Жетісу өңірінде саябақтар, бірқатар өндіріс орындары, ал Талдықорған қаласында Астана даңғылы салтанатты түрде ашылды. Елбасының Жарлығымен Райымбек ауданы бөлініп, Райымбек және Кеген аудандары құрылды. Бұл шекаралық аймақта ораласқан тұрғындардың көптен күткен тілегі еді, сондықтан да жақсы жаңалықты облыс тұрғындары ерекше қуанышпен қарсы алды. Бұл жаңалық шекаралық аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, халықтың болашаққа деген сенімі нығайып, ел туған жерге қайта орала бастады», - деп өтілді байқау қорытындысында.
Айта кетейік, осыған дейін Амандық Баталов Nur.kz сайтында жүргізілген «Халық дауысы 2.0» жобасының қорытындысы бойынша «Ең белсенді әкім» номинациясында үздік шықты және «Жыл Адамы» аталмының Гран-при иегері атанды.
Фото: Интернет.