Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер жүзуден жарысты

13.11.19

Спорт
Служба новостей

Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер  арасында суда жүзу спортынан жарыс өтіп, оған 8 команда қатысты, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Спорттық жарыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жарыс қорытындысы бойынша 100 м қашықтықта 1-орынды Алмаз Нақыпбаев, 2-орынды Рустам Орсаев, 3-орынды Шынтас Нысаимов жеңіп алды. 25 м қашықтықта 1-орынды қалалық кірістер басқармасы, облыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, 3-орынды жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы еншіледі.

Эстафета сайысында 1-орынды жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, 2-орынды ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, 3-орынды кірістер департаментінің командасы қанжығасына байлады. «Қорғаушы» сайысында 1-орынды Алмаз Нақыбаев, 2-орынды  Шынтас Нысаимов, 3-орынды Рустам Орсаев иемденді.

Сайыс облыстық ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен ұйымдастырылған.

Фото: Jetisy Media.