Войти через

  • 14°C

Понедельник, 29 апреля

Талдықорғанда қыздар арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Талдықорғанда қыздар арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтеді

04.01.19

Спорт
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

4-10 қаңтардың аралығында Талдықорған қаласында қыздар арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан чемпионатына жастар, жасөспірімдер және 2005-2006 жылғы кіші жасөспірімдерден құралған 40-тан аса команда қатысады. Жарыс «Жастар» және «Өркен» спорт сарайларында болады. Ресми ашылу салтанаты 5 қаңтар сағат 12:00-де «Жастар» спорт сарайында өтеді. Спорт сүйер жанкүйерлер үшін жарыс ойындарына кіру тегін.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать