Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Денсаулық сақтау саласындағы бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі күшейтілді

Денсаулық сақтау саласындағы бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі күшейтілді

11.01.19

Здоровье
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

 «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласының денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшыларының дербес жауапкершілігі туралы құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев пен жобалық кеңес жетекшісі Гаухар Шоханованың қатысуымен өтті.

Құжат әрбір медициналық мекеменің құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, кәсіби қызметтің ашықтығы және басқа да мәселелері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуді көздейді.

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің медициналық қызметтерді сапалы және уақытылы жетілдіру бойынша барлық жұмысы бірінші кезекте салауатты Қазақстан ұлтының өмір сүру ұзақтығын сақтауға бағытталған.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда «ДамуМед», «Көмек 103» медициналық ақпараттық жүйелерін енгізу тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсетуге және барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, Алматы облысы халқының цифрлық сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Фото: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент.

Это может Вас заинтересовать