Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

2020 жылы Ораза қашан басталады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының қай күні басталатын мәлімдеді. Биыл елімізде Рамазан 24 сәуір басталады деген шешім қабылданды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды», - деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать