Войти через

  • 2°C

Суббота, 27 апреля

Алматы облысында 101 білім нысаны жаңғыртудан өтпек

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жер шарын шарлаған пандемия салдарынан бар салада жұмыс сарыны басқаша қалыпқа көшкен. Жұмыстың дені онлайн негізде жүруде. Мұндай сарындағы жұмысқа көшкен саланың бірі – білім саласы. Бүгінде Алматы облысы елдегі пандемиялық ахуалға сәйкес қашықтықтан оқуды жүйелі жүргізіп келеді. Қажетті жабдықтармен қамтуда да нәтижелі жұмыс байқалады. Жалпы елімізде білім саласында жасалып жатқан оңтайлы істер жетерлік. Осы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Үстенов ZOOM платформасы арқылы білім саласының өкілдерімен жүздесті.

- «Білекті бірді, білімді мыңды» жығады деген тәмсілді баба жұрт тегін айтпаса керек. «Nur Otan» партиясы білім саласында етжеңді шаруаларды жоспарлап отыр. Мәселен, партия сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек, - деді Б.Үстенов.

 

Жалпы өңірде 867 балабақша, 760 мектеп, 76 колледж бен 2 жоғары оқу орны бар. Партия алдағы уақытта білім саласының нысан сандарын ұлғайтпақ. Себебі үш ауысымдық мектептерді азайту не мүлдем жою негізгі тақырып болып тұр. Осы бағытта Алматы облысында үш ауысымдық мектептерді жою үшін 80 мектеп салынбақ. Мұнан өзге партия өңірде балабақшамен қамтуды 10 пайыз шешпек. 101 білім беру нысанында қайта жаңғырту жүргізіп, пәндік кабинеттерді компьютерлік жабдықпен қамтуды 67,4 пайызға жеткізуді межелеп отыр.

  «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді 

Это может Вас заинтересовать