Войти через

  • 11°C

Понедельник, 29 апреля

Алматы облысында шөп ұрлаған азамат ұсталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында пресстелген 200 шөп бумасын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Жағдай Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Полиция бөліміне 39 жастағы ауыл тұрғыны 200 байланған шөп теңінің ұрланғаны жайында хабар жеткізді.

Бірқатар жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары ұрлық жасаған адамның ізіне түсті. 30 жастағы жергілікті тұрғын шөпті жымқырғанын мойындап, материалдық шығынын толығымен өтеп беретінін жеткізді.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бап 1 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу амалдары барысында күдіктіге үйден тыс жерлерге шықпауы және тиісті тәртіпті сақтауы туралы бұлдартпау шарасы қолданылды.

Это может Вас заинтересовать