Войти через

  • 3°C

Суббота, 27 апреля

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік бейнероликтар анықталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және жастар санасына әлеуметтік желілер арқылы әсер ету мақсатында, «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әлеуметтік  бейнероликтер байқауы 2021 жылдың 23 тамызынан 27 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды6 деп хабарлайды Tinfo.kz.

Байқау шарттары бойынша 60 секундтан аспайтын креативті, қазіргі трендтерді қолдана отырып тикток видео түсіру болып табылатын. Сонымен қатар, бейнероликтер  ТикТок желісіне салынып, #жетісужастары, #сыбайласжемқорлық хештегін белгілеу керек болатын.

Жарияланған видеоларды арнайы құрылған комиссия мүшелері қарап, ең үздік үш видео таңдалды. Жүлделі орындарға ие болғандар 1 орын: Сарыөзек ауылы, №49 мектебінің оқушылары, 2 орын: Нұрпейісова Сымбат Асқатқызы, 3 орын: Орынбекова Жазира Алипбековна арнайы дипломмен және сылықтармен марапатталды.

Это может Вас заинтересовать