Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Алматы облысында жігіт қызғаныштан бойжеткенді ұрлап, соққыға жықты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Қарасай ауданында 21 жасар қызды жатын бөлмедегі терезеден ұрлап кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Қыздың әкесі түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне хабарласып, арызданған. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткенін жеткізген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері "LEXUS 470" автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан»,- деп хабарлайды Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Күдікті азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске зайғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать