Войти через

  • 11°C

Понедельник, 29 апреля

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып Қуанышбек Қашқымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz

Бүгін жаңа әкімді аудан активіне Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Ләззат Тұрлашов таныстырды.

Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылдың 11 маусымында дүниеге келген.

1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Кентау электр инженері», 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң мамандығы бойынша қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерге дейін өскен.

1994-2014 жылдар аралығында жер қатынастары, жерге орналастыру жер ресурстарын басқару саласындағы ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарған.

2014-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі болған.

2016-2018 жылдары Алматы қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасын, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Это может Вас заинтересовать