Қандас (Оралман) мәртебесін қалай алуға болады?

Служба новостей

Tinfo.kz “Азаматтарға арналған Үкіметпен” бірлесе қандас  (Оралман) мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу жолдары туралы сауалға жауап береді.

Ол үшін:

Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз.

Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:

Еркін түрде жазылған өмірбаян;
Отбасы мүшелерінің әрқайсысының  3х4 көлеміндегі екі суреті;
Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі.

Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:

Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат және өтініш беріледі.

Мәртебе мерзімі: 

Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады. 
Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.  

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
Мәртебені алу – 15 жұмыс күні;
Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні.

Ескерту!
Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.