Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Қапшағайлық жас мемлекеттік бағдарламамен шаштараз ісін ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жастар кәсіпкерлікті нәсіп етуде. Қазіргі кезде Қапшағай қаласының бизнес саласы ілгерілеп келеді. Оның дамуына серпін беріп отырған жастар жағы. Олардың қатары жыл өткен сайын артып келеді десек артық айтқандық емес. Мәселен, солардың қатарында – Санжар Бахытжанұлы.

Бұл жолға келе қоймай, басқа мамандық иесі атануды ойлаған ол алдымен «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Қапшағай Көпсалалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында «Электр және газ дәнекерлеуші» мамандығы бойынша білім алады. Аталмыш таңдалған бағыт ұнағанымен жанына жақын болмай шығады. Дегенімен діттеген мақсатқа жетуде талмай еңбек етіп келе жатқан болашақ бизнес өкілі  - «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаштараз» курсын жақсы бағаға тәмамдайды.

Осы саланы дамытуға бел буған Санжар  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жобасына қатысып,  «Шаштараз» бизнес жобасын қорғап бағын сынап көреді. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің  шешімімен мемлекеттік грант ұтып алып, 200 айлық есептік көрсеткіш яғни 583 400 теңгеге ие болады. Грант иегері ойланбастан алдына қойған арманы саналған шаштараздыққа қажетті жабдықтың бәрін сатып алып, бүгінде өз кәсібін дөңгелетуге кіріскен.

Сонымен қатар, әлі де болса шеберлігін шыңдауды жөн көрген ол қаладағы «Maira Aimanova Studioсында» тәжірибиесін жетілдіріп, соның арасында сала мамандарынан біліктілігін арттырып та келеді. Тағы бір қоса кетерлігі, жаңашылдықты жаны сүйетін,  үйренуден жалықпайтын Санжар Меирманов аталған  бағларламаның екінші бағыты шеңберінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау операторы ретінде ұйымдастырған «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша да білім алған. Ендігі көзделген меже шаштараздықтың қыр-сырын меңгеруге ниет еткендер үшін есігінің ашық екенін айтады. Қазіргі таңда 80-ге жуық адам қайта даярлау курсынан өтуді жоспарлауда. Сол секілді жаңа идеясы бар азаматтарға 45 мемлекеттік грант қарастырылып, 25 адамға шағын несие беру көзделген.

Это может Вас заинтересовать