Войти через

  • 3°C

Суббота, 27 апреля

Қарасай ауданының жастары Елбасы "жолымен" танысты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тұңғыш президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастары «Атамекен» тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Мұндағы мақсат - қазақстандықтар арасында Елбасының жүріп өткен шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Президенттің өмірі мен қызметінің айшықты үлгілері негізінде жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту.

«Атамекен» тарихи-өлкетану мұражайы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бой көтерді. Мұнда Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған жәдігерлер бар. Бұл Орталыққа келушілер мемлекеттіліктің қайта жаңғыруы процесіндегі, экономикадағы және әлеуметтік саладағы, тарихи дамудағы түбегейлі терең өзгерістерді жүзеге асырудағы саяси оқиғалар мен Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде халықаралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін айғақтайтын құжаттармен, айғақтық заттармен танысады. 

Жастар мұражайды аралау барысында түрліше әсер алды. Елдіктің, егемендіктің нышаны іспетті жәдігерлерді тамашалады. Елбасының тұтынған бұйымдарын көріп, азат елдің тәуелсіздік жолындағы еселі еңбегін дәріптейтін мол мұрамен танысты. Олар экскурция соңында өзара әсерімен бөлісіп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Это может Вас заинтересовать