Войти через

  • 15°C

Вторник, 19 марта

Балпық биде ойын алаңы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тәуелсіздік күніне қарсы ​Көксу ауданы Балпық би ауылындағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орталық саябақтың ішінен балаларға арналған ойын алаңдары ашылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

​«Жастар жылы аясында саябағымыздың ​ келбетін өзгерттік. ​ Футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ​ жабдықтадық, жаңа заманға сай воркаут тренажерлерін орнаттық. Жарықтандыру жасадық. Жыл сайын спорт құрылымдарын көбейтіп, тиісті жұмыстарды істеп жатырмыз.​ Бұл бағыттағы жұмыс​тарды ары қарай да атқаратын боламыз», - деді аудан әкімі Алмас Әділ құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, Көксу ауданында 119 спорт нысаны бар.
Фото: www.facebook.com/Akimatkoksu/.

Это может Вас заинтересовать