Войти через

  • 7°C

Пятница, 26 апреля

Балпық биге арналған республикалық мүшәйра өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Текелі қаласында республикалық «Байтақ елдің Балпық биі» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Мүшәйра Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Текелі қаласының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы мен «Үш Бәйтерек» қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - Балпық бидің 325 жылдығына орай, батырдың данагөйлік мұрасы мен тарихтағы орнын поэзияның құдіреті арқылы кеңінен паш ету.

Республиканың түкпір-түкпірінен 50-ден астам жолданған арнау өлеңдердің ішінен іріктеуден өтіп, арнайы шақырылған 8 ақын өзара додаға түсті.

Мүшәйраға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахымберлина қазылық етті.

Байқаудың бас жүлдесін облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, I орынды Көкшетау қаласынан келген Майра Тоқанова иеленді, ал II орынға Өскемен қаласынан келген Әскерхан Ақтай лайық деп танылды. III орынды жетісулық Мұхтар Күмісбек пен Түркістан облысынан келген жас ақын Кәдірбай Ғалымнұр өзара бөлісті. Сол сияқты, Әли Ысқабай, Жомарт Игіман, Нұрбол Құдайберген ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Фото: Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

Это может Вас заинтересовать