Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

Инвестициялық жоба игілігі

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстанның  30 жыл ішінде жеткен жетістіктері елдің табандылығы мен жігерлігінің, бірлігінің арқасында  орнығып отырғандығы сөзсіз! Уақыт озғанымен, тіршілік тоқтамайды. Біз жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келеміз.

Қазіргі кезең пандемия мен карантиндік шаралардың салдарынан күрделі болғанына қарамастан, ауданымызда экономикалық көрсеткіштердің өсуі қамтамасыз етіліп, аграрлық секторда, өнеркәсіпте және әлеуметтік салада бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда.

Осындай жоғары көрсетіштерге қол жеткізу ең алдымен инвестициялар тарту, жана технологияларды енгізу арқасында мүмкін болып отыр. Себебі инвестициялық жобалар ауданның экономикалық дамуын өрге тартады.

Экономика дамымай, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін таба қоюы қиын. Бұл – жұртшылыққа қашаннан белгілі жайт. Ал қаржы экономиканы дамытудың негізгі тетігі екенін ауданда атқарылған бағытты шаралар көрсеткендей.

Солардың бірі Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылдық округіне қарасты аумақтағы Бұғыты тауларында вольфрам кенін байыту және қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын аса ірі инвестициялық жоба.

Қазір мұнда «Жетісу Вольфрам» ЖШС тапсырысымен тау-кен байыту фабрикасының құрылысы басталды. Жобаны шетелдік инвестордың қатысуымен орындау жоспарланған.   Инвестиция сомасы 94,5 млрд.теңгені құрап, бастапқы іске қосылған кезде 500 жуық жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 3,3 млн.тонна кен өңдеу жоспарлануда.

Жұмыстар Қазақстан Республикасының экологиялық нормалары мен қауіпсіздік нормаларына қатаң сәйкестікте жүргізілетін болады, Құрылыс ресурстарды барынша ұтымды пайдалануға қол жеткізу үшін озық бұрғылау, жару, батыру және көлік жабдығын пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы халықаралық тау-кен өндіру технологияларын қолдана отырып, жоғары стандарттар мен жоғары сапа қағидаттары бойынша жүргізілетін болады.

«Жетісу Вольфрамы» ЖШС қоршаған ортаны қорғау басымдығы тұжырымдамасын, экологиялық таза кеніш стандартын ұстанады, заманауи жабдықтарды, саладағы құрылыс пен пайдалануды басқарудың озық әдістерін таңдайтынын жеткізген болатын.

Нысанның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілсе өнеркәсіптік өндіріс көлемі жылына 150 миллион доллардан асады және жергілікті қоғам мен экономикаға тым серпін беріп, дамуына айтарлықтай үлес қосады. Жобаның негізгі мақсаты – өндірілген кеннен металл бұйымдарын дайындау кезінде оның сапасын арттыратын концентрат әзірлеп, оны одан ары ішкі және сыртқы нарыққа сатуға шығару.

Дана халқымыз «Алға тартқан озады, кейін кеткен тозады» деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқатқан. Мұхтар Әуезов айтпақшы: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, сосын – тәртіп керек». Оған жеткізер амал - бірлік және еңбек. Сондықтанда, елдің ертеңі үшін, еліміздің береке бірлігі үшін бас қосқан қаймағы бұзылмаған мықты қоғам ретінде алдағы өмірде болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болатынына сын көзбен емес, сенімен қарап, сол жолда еңбек етіп, күшті экономиканың, адал еңбектің, терең білімнің, ашық сананың, жоғары дәрежелі мәдениет пен рухани кемелденудің шынайы  келбетін танытып, қолдау көрсетуіміз қажет. Осылайша біз ауданымыздың көркеюіне үлес қоса алатын боламыз.

НҰРБЕКОВ БОЛАТЖАН САЙМАСАЙҰЛЫ
Алматы облыстық мәслихатының депутаты

Это может Вас заинтересовать