Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

Өңірде «Тарихи жол» жобасы жүзеге асырмақ

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алматы облысында 105-тен астам ұлт өкілі тұрады және 71 этно мәдени бірлестік бар. Одан бөлек 558 мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Осындай ауқымды саланың жұмысын саралау үшін және партияның мәдениет саласында атқарар шаруаларын таразылау мақсатында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақпал Мазаққызы мен Кеген аудандық мәслихатқа үміткер Алмас Мұқаев Райымбек және Көксу аудандарының құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Нағима Таласбаеваның шаңырағында болды.
- Партия жоспарына сәйкес, өңірде жыл сайын 60 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Бұл ретте 6 млн. адамды қамту мақсат етілген. Одан бөлек алдағы бес жылда 405 тарихи-мәдени мұра нысандарын QR-кодты белгілеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Тарихи Жол» жобасы іске асырылмақ. Елбасының «Рухани жаңғыру» бастамасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында қасиетті және таңбалы орындар бойынша өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру жолға қойылмақ, - деді Мақпал Мазаққызы.
Партияның сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда Жетісу өңірінде 65 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілмек. Одан бөлек 49 мәдениет үйі мен клубты күрделі жөндеуден өткізіледі.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать