Кәсіпкерлер мәселелері талқыланды
«Nur Otan» партиясының бағдары экономиканың басым салаларын: өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс пен туризмді дамыту және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату болып табылады. Осы орайда, партияның сайлаулады бағдарламасын насихаттау аясында Талғар қаласында кәсіпкерлік бағыттағы «Жаңа бетон» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті.
Партия атынан ұсынылған үміткерлермен аудандық штаб басшылығы Covid - 19 пандемиясы жағдайында өнеркәсіптік және аграрлық секторлардың тұрақты жұмысының арқасында өңірде экономиканың шығындары мен жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығуына жол берілмегендігін атап өтті. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында облыста жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 4715 ашық бос жұмыс орны бар. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен 69,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, оның үштен бірі (20,9 мың адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде орналасатындығы жайлы ақпараттандырып өтті.
Шара жалғасы сұрақ-жауаппен алмасып, үгіт-насихаттық парақшалар таратылды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді