Войти через

  • 3°C

Суббота, 27 апреля

Кәсіпкер жұмысшыларына Шри-Ланкаға жолдама табыстады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Панфилов ауданының кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, “Оразбай” ШҚ басшысы Оразбай Берік жылды қорытындылап, өз қарамағындағы жұмысшыларға еңбектеріне қарай Алғыс хат пен демалыс орындарына жолдама берді.

Атап айтсақ, 14 жұмысшыға Жаркент-Арасан шипажайына жолдама берілсе, белсенді еңбегі үшін 2 отбасына шет елге (Шри-Ланка) 8 күндік демалыс жолдамасын табыс етті. Сонымен қатар 1 жұмысшысының отбасына үй сыйлады.
“Оразбай” ШҚ 2012 жылы құрылған, қазіргі таңда ШҚ 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Это может Вас заинтересовать