Войти через

  • 17°C

Понедельник, 29 апреля

Кәсіпкерлер мен сарапшылар «NEET» жастарын ынталандыру жолдарын талқылады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Талдықорған политехникалық колледжінде «NEET» жастарының құндылығы» атты кездесу мен «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында пікірталас өтті.

Кездесу кезінде студенттер өз саласынын маманы болып қана қоймай ,кәсіпкерлік пен айналысуда бағыт бағдар алып, сұранысқа сай өнім өндіру керек екенін түсінді.

Студенттермен табысты оқиғалары, бастан кешкен қиындықтарымен кәсіпкер, блогер – Елбол Естайұлы бөлісті, ал кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Айдын Астаубаев айтып берді. Сонымен бірге «Жастар бастамаларын дамыту және Neet тобымен жұмыс»бөлімінің басшысы – Мөлдір Ерланқызы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры–Мұқажанов Ерқанат, профессор – Ғалым Тайгулов студееттермен пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ, Талдықорған жоғары политехникалық студенттер сөз сөйлеп, жобаның өміршенділігін жайлы талқылау жүргізді.

Это может Вас заинтересовать