Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

Құлан құдыққа құласа, Құрбақа құлағында ойнар

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ардақты ағайын, мемлекет басшысы 20 қарашаға кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Жаңа сенім мандатына ие болу үшін елімізде сайлау өткізу құптарлық іс деген ойдамын. Әрине әр сайлаушы кімді таңдайтыны өз еркінде. Бірақта біздің санамызда «мен бармасамда сайлау өтеді» деген түсінікпен қарасақ, прогресске көшпей керісінше регресске ұшырайтынымыз анық. Қазіргі таңда Президентімізге сенім мандатына ие болу өте маңызды кез болып отыр, tinfo.kz хабарлайды

Құлан құдыққа құласа,құрбақа құлағында ойнар демекші сенер адамымызға қолдау көрсетіп, екі қанатының берік болуын қамтамасыз етпесек, кім көрінген құрбақалар оның құлағында ойнары анық. Біз қазіргі таңда жаңа Қазақстанды қалыптастырып жатырмыз, соған орайда сана-сезіміміз, ой өрісіміз жаңа бағытқа көшіп, саясаттың сахнасында өзіміздің азаматтық белсенділігімізді көрсетуіміз қажет деп ойлаймын.

Аманжолұлы Ғазиз – облыс белсендісі, ерікті, «Amanat» партиясы Жетісу облыстық филиалы «Авангард» бастауыш партия ұйымы, «Тең қоғам» қолдау орталығының маманы

Это может Вас заинтересовать