Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

Мұқаншылықтарға Жолдау тармақтарын түсіндіру

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының бағыттарын түсіндіру аясында облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шенгелбаев Көксу ауданының Мұқаншы ауылдық округі тұрғындарымен кездесті, tinfo.kz хабарлайды

Кездесу барысында мұқаншылықтарға Жолдаудағы 5 негізгі бағдар жайлы түсіндірілді артынан сұрақтарына жауап берді.

"Мен келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым.Екі жыл ішінде қазіргі кезде медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталады. Осылайша мемлекет миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады. Онда инсульт орталығы, хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында. Осы бастама жайында тоқталып өтіп, аталған бастаманың ауылды жерлерде медицина сапасының жаңа деңгейге көтерілетінін атап өтіп, депутат тұрғындар ұсыныстарын назарға алды.

Это может Вас заинтересовать