Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

«Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы бекітілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы барысында делегаттар облыс бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын бекітті. Бұл жайында облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталов конференция барысында баяндады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бағдарлама партияның nurotan.kz сайтында жарияланған. Осы уақытқа дейін, бағдарлама жобасы қалың бұқараға таныстырылып, 1012 ұсыныс түскен. Бұл ұсыныстардың 818-і бағдарламада қарастырылған. Ал  қалған 144 ұсыныс негізінде бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, партия және праймериз жайындағы 50 талап-тілекке түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Еске айта кететін жайт, сайлауалды бағдарлама 7 басым бағыттан тұрады. Атап айтқанда:

  1. Экономикалық тұрақты аймақ.
  2. Қолайлы аймақ.
  3. Әлеуметтік-бағдарланған аймақ.
  4. Жастарға арналған аймақ.
  5. Тарихы мен мәдениеті бай аймақ.
  6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
  7. Қауіпсіз аймақ.

Назарға сала кетсек, осы уақытта облыстық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтуде.  

Тікелей көрсетілім:
https://youtu.be/lJjtFy0dI4Y

Это может Вас заинтересовать