Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

«Nur Otan» партиясының Хатшысы Арман Қырықбаев Алматы облысына келді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысына «Nur Otan» партиясының Хатшысы Арман Оразбайұлы Қырықбаев және партия жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев іс-сапарымен келді.

Бірінші болып, Талдықорған қаласында бақылаушылар және белсенділермен кездесу өтіп, Арман Оразбайұлы бақылаушылармен белсенділердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы тоқталып өтіп, пікір алмасты. Жастар тарапынан үгіт-насихаттық парақшалардың таратылуы, имиджік тауарлар жайында да сауалдар түсіп, жауаптары берілді.
Жалпы, Алматы облысында 2000-нан астам белсенді жас партияның үгіт насихаттық парақшаларын 17 аудан, 3 қалада тарату жұмыстарымен белсенді айналысуда.

Келесі шара қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтті. партия Хатшысы Арман Қырықбаев партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы, өңірлердегі үгіт насихаттық жұмыстар жайлы айтып өтіп, қатысушыларымен пікір алмасты.

Қатысушыларда өз кезегінде өңірдегі «Nur Otan» партиясының жұмысы жайлы тоқтап өтіп, оң пікірлермен бөлісті

Это может Вас заинтересовать