Войти через

  • 6°C

Суббота, 27 апреля

Облыстық мәслихат «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына қатысты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев облыстық С.Сейфуллин әмбебап кітапханасында болып, мәдени ошақтың материалдық-техникалық базасы, жай күйімен танысып, Жетісу өңірінде кең көлемде өтіп жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz

Жанболат Әкебайұлы кітапхана қорына түрлі санаттағы кітаптардың томын, оның ішінде Жер жаннаты Жетісудың табиғатына орай кітаптар коллекциясын сыйға тартып, акцияға өз үлесін қосты.

Жанболат Жөргенбаев осы игі акцияға қатыса отырып, кітап сыйлау челленджін өңіріміздің халық қалаулыларына әрі мәслихаттардағы аппарат ұжымына жіберді.  

Қазіргі таңда облыстық кітапхана мемлекеттік жүйедегі 281 кітапхананың әдістемелік орталығы болып табылады. Кітапхана қорында филиалдарымен қоса есептегенде,  қорында шамамен 523 67 кітап бар. Қазіргі таңда оқырман саны  - 11 914.

Назарға сала кетсек, аталған игі бастамаға мәслихат депутаттары үлкен қолдау білдіріп, мысалға ала кетсек, халық қалаулысы Бекет Абишев балалар әдебиеті жанрындағы 1000 дана кітап сыйлайтындығын жеткізді. Сонымен қатар депутат Бағдәулет Үстенов Қапшағай қаласындағы кітапханаға кітап оқығанға ыңғайлы 2 аула орындығын және 100-ден астам кітаптар сыйға тартты.

Это может Вас заинтересовать