Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей
Отырыс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Нұрахметұлы Кубентаев төрағалығымен өтіп, барлық аудандық және қоғамдық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, аумақтық Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестерінің төрағалары қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Кеңестің негізгі міндеттерін атап өту, Өңірлік қоғамдық кеңесінің құрамы және аумақтық кеңестердің төрағаларын таныстыру.
2. Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту.
3. Облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Ауыл ел бесігі» жобасы туралы талқылау.

Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Руслан Сәдуақасұлы Қожасбаев кеңестің негізгі міндеттеріне тоқталып, Өңірлік қоғамдық кеңесінің құрамымен таныстырып өтті.
Кеңестің басты мақсаты - «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасында көзделген барлық нысандар мен көрсеткіштерге сапалы қол жеткізу.
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Нұрахметұлы Кубентаев аумақтық кеңестердің төрағаларымен таныстырып өтті.
Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқыланып, бірауыздан бекітілді.
Облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 26 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланғандығы туралы атап өтті.
Осы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына қатысты Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы облыстық аналар комитетінің төрағасы Қыдырбаева Дәния Сәлімбайқызы әр аудан және қала аумақтарындағы ауылдарда тегін аула клубтарын ашу қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді.
Аталған ұсыныс бойынша Рауан Аманұлы Дауталинов аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс берілетіндігін хабарлады.
Жол картадағы өңірді дамытуға қатысты барлық нысандар мен көрсеткіштер Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің басты назарында!

Это может Вас заинтересовать