Войти через

  • 2°C

Суббота, 27 апреля

Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Оған онлайн режимде Өңірлік даму жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Руслан Қожасбаев пен кеңесі мүшелері қатысты.   Басты тақырып – инвестициялық жобаларды бағалау. Сыртқы істер және ұлттық экономика вице-министрлері баяндағандай, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2021 жылдың 6 айында 11 139,0 млн АҚШ долларын құрады, 2020 жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда жалпы көлемі 23,3%-ға ұлғайған.

Өңірлер бойынша, жарты жыл ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының 70% - дан астамы Атырау облысына, Алматы мен ШҚО-ға тиесілі. Сондай-ақ, жиын барысынла облыс өкілдері мен депутаттар ұсыныстарды, жобаларды іске асыру және сүйемелдеу кезінде инвесторлар мен жергілікті атқарушы органдар тап болатын проблемалық мәселелерді атап өтті.

Это может Вас заинтересовать