Панфилов ауданында сервистік әкімдік ашылды
Жаркент қаласында Панфилов ауданының сервистік әкімдігі ашылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Орталық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті және Алматы облысы әкімдігінің ұсынысымен ашылып отыр.
Енді тұрғындар әр бөлімдерді іздемей-ақ қажетті қызметтерді бір ғимаратта ала алады.
Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе қағидаты» бойынша әлеуметтік маңызды мәселелер мен мемлекеттік қызметтер туралы кеңес беру және көмек алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғимарттағы «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы мен «Жетісу – адалдық алаңының» Панфилов аудандық жобалық кеңсе өкілі тұрғындарға тиімді қызметтер ұсынады.
«Open space» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталықта 6 мекеме тұрғындарға 37 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бұнда күту залы мен балаларға арналған шағын ойын алаңы бар. Электронды түрде кезек көрсететін сервистік әкімдікте барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазірдің өзінде қызу жұмысын бастаған орталыққа келуші тұрғындар дән риза.