Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түрлі сала ұжымдарында насихаттау жалғасуда. Соның бірі,облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ерік Абитов білім саласының мамандарымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткер «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталып өттіп, сондай-ақ мұғалімдер бағдарламадағы өз саласына жақын бағыт «Әлеуметтік бағдарланған аудан» бойынша ойларын ортаға салды.
Жалпы, білім сапасын арттыру,білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен үш ауысымды оқу мәселелерін шешу үшін партиямыздың алға қойып отырған міндеттеріне ұстаздар қауымы оң бағасын беріп, қолдауларын білдірді.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді