Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Сарқанда кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен өз цехын ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей
Сарқанда жас кәсіпкер «Еңбек»нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Бастау Бизнес» жобасының арқасында шағын тұшпара цехын ашты.
Қазіргі таңда тұшпараның түр-түрін жасап, сатылымға шығарып отырған іскер әйелдің тірлігі кісі қызығарлық.

Аталған цехта еттен, ірімшіктен және картоптан жасалған дәмді тұшпараның бірнеше түрлері дайындалады.
«Бастау Бизнес» жобасы арқылы оқып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз 583 мың теңге грант алған жас кәсіпкер Әсел Әбделханқызы сол қаражатқа қамыр жаятын, ет турайтын машина, тоңазытқыш және тағы басқа керек жабдықтар сатып алған.

«Былтыр берілген 583 мың теңгелік қайтарымсыз қаржыны көп адамдар аз ақша деп пайымдайды. Бірақ алғашқы бастамаға бұл жеткілікті қаражат деп ойлаймын. Замандастарыма да соны айтамын. Бүгінде, қарамағымда төрт қала тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайым бар. Ойымда бұдан да, үлкен цех ашу», - дейді кәсіпкер Әсел Әбделханқызы.
Үйдің өнімі болғандықтан сұраныс та жоғары. Бұған дәлел, аудан аумағынан бөлек, көршілес Ақсу ауданына да тасымалдануында. Бағасы да көңілге қонымды.
Іске батыл бел буып, еңбекқорлықпен адал нәпақасын тауып отырған мұндай кәсіпкердің ісі көпке үлгі-өнеге болатыны сөзсіз.
Айта кетейік, өткен жылы аудан бойынша аталған бағдарлама аясында 100 адамға 58 млн.теңге қаражат берілген.

Сарқан ауданының әкімдігі

Это может Вас заинтересовать